Грузияда президент сайлауы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия президентін сайлау жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 08:00-де басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Онда алғашқылардың бірі болып елдің премьер-министрі Мамука Бахтадзе дауыс берді. Ол Тбилиси қаласының Дудубий ауданындағы сайлау учаскесіне келді.

«Мен қазір ғана дауыс бердім. Өз даусымды еліміздің дамуы, Грузия дәстүрлерінің сақталуы мен өркендеуі, Грузияның еуропалық дамуы үшін бердім», - деді ол «сайлаудың еркін, демократиялық жағдайда өтетініне» сенім білдіріп.

Республика аумағында 3637 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, онда 18 жасқа жеткен 3,5 млн астам азамат дауыс бере алады. Дауыс беру сондай-ақ 39 мемлекеттің 55 учаскесінде өтеді.  

Соңғы жаңалықтар