Грузияда оппозиция өкілдері жолды жауып тастады

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузия астанасы Тбилисиде оппозиция өкілдері жолды жауып тастады, деп хабарлайды newsgeorgia.ge.

Елде әділ сайлаудың өтуін талап еткендер Грузия Парламенті алдындағы Руставели даңғылына жиналып, көше қозғалысын шектеп тастады.

«Полицияны заңды бұзбауға шақырамын. Біз оларға қарсылық танытқымыз келмейді. Біз бейбіт түрде саяси жағдайларға қарсы екендігімізді білдіргіміз келеді» , — деді «Жаңа Грузия» партиясының көшбасшысы Георгий Вашадзе.

Соңғы жаңалықтар