+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Грузияда маска тағу ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

2020 жылғы 5 маусым 09:45
Бөлісіңіз:
Грузияда маска тағу ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

ТБИЛИСИ. НОВОСТИ-ГРУЗИЯ – ҚазАқпарат – Грузияда маска тағу ережесін бұзғандарға айыппұл салынады. Грузия парламентіне Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті түзетулер енгізу ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа қарсы күрес: Қазақстандық телеарналар мен радиостансалар тың жобаларды бастайды 1600 өкпені жасанды желдету аппараты мен 800 жедел жәрдем көлігі сатып алынады - COVID-19 бойынша жедел штаб Өзбекстанда карантин қайта күшейтілді

Түзетулерге сәйкес, жабық қоғамдық орында маска тағу ережесін бұзған жеке тұлғаға 50 лари (шамамен 17 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Осы арада, өзінің иелігіндегі немесе жалға алып отырған жабық қоғамдық орында адамдардың маскасыз жүруіне жол берген заңды тұлғаға 500 лари (шамамен 170 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Заң жобасына сәйкес, қоғамдық көлікпен, сонымен бірге метрода келе жатып, маска тақпаған жолаушыларға 50 лари көлемінде айыппұл салынады. Маска тақпаған қоғамдық көлік жүргізушісі де 50 лари төлеуі тиіс болады.

Таксиге келетін болсақ (М1 санаты), бұл жағдайда жолаушылар да бетперде киюі тиіс. Егер жолаушы маска тақпаса, өзіне де, такси жүргізушісіне де 50 лари төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, егер автомобиль ішінде жүргізушімен қоса жол жүріп келе жатқандар саны төрт адамнан асатын болса, барлығы 50 лариден төлейді.

Өзгерістер оқшаулау және карантин ережелерін бұзғандарға да қатысты болады: бұл жағдайда жеке тұлғаға 2 мың лари (шамамен 690 доллар), ал заңды тұлға – 10 мың лари (шамамен 3,4 мың доллар) көлемінде айыппұл төлейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT