Грузияда көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

None
Фото: azertag.az
ТБИЛИСИ. АЗЕРТАДЖ - ҚазАқпарат - Шов муниципалитетінің аумағы мен Грузияның батысындағы көшкін салдарынан қаза тапқандар саны артты. Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Шов муниципалитетіндегі құтқару операциясы жалғасып жатыр. Көшкін құрбандарының саны 16 адамға жетті. Қазір тағы 24 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қаза тапқан 7 адамның кім екені белгілі болды.

7 тамыз Грузияда қаралы күн деп жарияланды.


Соңғы жаңалықтар