Грузияда коронавирус жұқтырғандар саны 38 болды

None
None
ТБИЛИСИ. Newsgeorgia-ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Грузияда жаңа коронавирус жұқтырған 38 адам тіркелді. Бірнеше науқастың жағдайы ауыр, себебі олардың басқа да аурулары бар, деп мәлімдеді журналистерге Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасының бас директоры Тенгиз Церцвадзе. Бұл туралы ҚазАқпарат Newsgeorgia сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасында қазіргі уақытта 46 науқас жатыр, оның 30-ында коронавирус зертханалық тұрғыдан расталған. Бұдан бөлек, тағы жеті науқаста коронавирус табылған, олар елдегі басқа клиникаларға орналастырылды. Бір науқас жазылып шыққан.

«Екі науқас ауыр халде жатыр, тағы бірнеше адамның денсаулығы нашар, олар егде жасқа келіп қалған және басқа да аурулары бар. Мәселен, қан қысымы жоғары, жүрегі ауырады немесе астмасы бар», - деді Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасының бас директоры Тенгиз Церцвадзе.

Аурухана директоры қазіргі уақытта 11 науқастың пневмонияға шалдыққанын растады.

«Олардың жартысының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, ал басқа науқастардың ауруы жеңіл өтуде. Кәмелеттік жасқа толмаған науқастардың денсаулығы жақсы емес, алайда, олардың індеті жеңіл түрде және жағдайы қанағаттанарлық», - деп мәлім етті Т. Церцвадзе.

Оның мәліметінше, премьердің шешімі бойынша Грузиядағы төрт жетекші клиника науқастардан толық босатылған. «А жоспарына» сәйкес, 440 жатын орын әзірленген. Тағы қажет болған жағдайда, «Б жоспары» аясында 3600 орын дайындалады.


Соңғы жаңалықтар