Грузияда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты

None
None
ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары-ҚазАқпарат - Грузияда соңғы тәулікте 2 981 адам коронавирус жұқтырды. Бұл жайында ведомствоаралық үйлестіру кеңесіне қарасты шұғыл штаб басшысының орынбасары Бердия Сичинава брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.

Елде қауіпті індетке шалдыққандардың жалпы саны 201 368 болды.

Соңғы 24 сағатта 17 029 тест жасалған. Оның 8,9 мыңы - экспресс, қалғаны - ПТР тест.

Жаңадан ауру жұқтырғандарың 43 пайызы немесе 1282-сі - Тбилиси тұрғындары.

Өткен тәулікте 31 сырқат коронавирустан көз жұмған. Жалпы, аурудан қайтыс болғандардың саны 1 953 адамға жетті.

2001 адам коронавирустан жазылды, ал ел бойынша індеттен жазылғандар саны 169 мыңнан асты.

Қазіргі таңда елде 30 мыңнан астам адам COVID-19 дертімен ауырып жатыр. Оның ішінде 6 758 адам - ауруханада, 21 102 науқас - үйінде, қалған 2 247 адам - арнайы жабдықталған ковид қонақ үйде емделіп жатыр.

Оның ішінде 1 130 сырқаттың жағдайы нашар. 430 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Грузияда 471 азамат карантинде болса, 47 764 адам өзін-өзі оқшаулаған.


Соңғы жаңалықтар