+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

2020 жылғы 27 ақпан 09:55
Бөлісіңіз:
Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsgeorgia.ge сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Гонконгтағы Диснейленд ашылғанына бір ай өтпей жатып қайта жабылды Шалғай ауылдардағы шағын мектептерде сабақтар әдеттегі тәртіппен өте береді - министр Алматыда дәрігерлер өкпесі 96%-ға зақымданған әйелді аман алып қалды

Бұл туралы Грузияның денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе мен елдің Ауруды бақылау және қоғамдық денсаулық жөніндегі ұлттық орталық басшысы Амиран Гамкрелидзе үкімет әкімшілігінде болған брифингіде мәлімдеді.

Инфекция жұқтырған 50 жастағы ер адам. Ол бір аптаға досымен бірге Иранға саяхаттаған. Ер адам Әзербайжан арқылы Грузияға оралған. Шекарада одан аурудың белгілері анықталған. Қазіргі уақытта ер адам Тбилиси орталық жұқпалы ауруханасында карантинге жатқызылды. Бұл ретте науқас емханаға реаномобильмен жеткізілген, жолай адамдармен байланысқа түспеген. Сондай-ақ, оның еріп келген танысы да тексерілді, бірақ одан коронавирус табылмады.

«Бізде алаңдауға негіз жоқ, өйткені Грузияда инфекция болмауы үшін барлық шараларды қабылдаймыз», — деп атап өтті Тикарадзе. Министр сондай-ақ Грузия үкіметі екі аптаға Әзербайжанмен шекараны жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Сонымен қатар, Гамкрелидзе Әзербайжаннан келген ер адамның бағдарлық таксимен жеткенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті қызметтері барлық ықтимал байланыстарды анықтау үшін вирус жұқтырған адамның барған жерлерін анықтай бастады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Грузиядағы алғашқы инфекция жұқтыру жағдайы туралы хабарланады.

Министр бұл вирус жұқтыру қаупін төмендететінін, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдармен байланысқан кеден қызметкерлері де карантинге алынатынын атап өтті.

Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Тенгиз Церцвадзе журналистерге коронавирус жұқтырған адамның жағдайын айтып берді.

«Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілмеген, өкпе қабынуы жоқ. Бұл кезеңде оның жағдайы ешқандай интенсивті терапия жүргізуді қажет етпейді. Егер қажет болса, ол барлық мүмкін емдеу кезеңдерінен өтеді «, - деп мәлімдеді Церцвадзе.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT