Грузияда қазақстандық тізгіндеген көлік апаты: 5 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда еліміздің азаматы басқарып келе жатқан жүк көлігі жол апатына ұшырады. Оқиғадан 5 адам қаз тапқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Апатқа жүк көлігінің тіркемесінің ажырап кетуі себеп болған. Сөйтіп жанындағы автокөлікке соғылған. Ал онда отырған алты адамның барлығы бір отбасының мүшесі. Олардың біреуі ғана аман қалды. Қазір ауруханада жатыр.

Ал жүк көлігін жүргізіп келе жатқан қазақстандық азамат қамауға алынды. Осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Грузиялық тарап 24 сағаттың ішінде сол елдегі Қазақстан елшілігіне қазақстандықтың тұтқындалғаны туралы ресми хабарлауы тиіс.

«Бұл оқиға жаныңды түршіктіреді. Тіркеме минивен көлігімен соқтығысқан. Оның ішіндегі алты адамның бесеуі оқиға орнында көз жұмды. Біреуі кішкентай қыз бала. Тағы бірі жүкті әйел», - деді жедел жәрдем қызметінің дәрігері Давид Чхартишвили.

Соңғы жаңалықтар