Грузияда қазақ ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамхана ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тбилисиде қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Грузияда тұратын Қазақстан азаматтары бұл жаңалықты қуана қабылдап, әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Олар бұл мекен жырақта жүрген жерлестер бас қосатын орынға айналды деп жазуда.

Тбилисиде көптеген ұлт пен дін өкілдері тұрады. Отанынан алыста болғандықтан, ұлттық тағамдарының дәмін сағынатыны түсінікті.

Қалада италиялық, украиналық және өзбек дәмханалары бар. Ал жақында қазақ мейрамханасы да ашылды. Айта кетер бір жайт, онда аспазшы болып грузин әйелі жұмысы істейді.

«Түрлі дәмханаларда істедім, ливандық, украиналық, грузиялық. Қазақ мейрамханасы ашылатынын естіп, осында жұмысқа орналасуға келдім. Жаңа тағамдарды танып білуді ұнатамын. Осында мені қазақ аспазшы үйретті. Бұл Грузия тағамдарынан ерекше: қой мен жылқы еті, жалпы көп мөлшерде ет пен пияз салады. Маған ұнайды»,- дейді аспазшы Нино Куркунули.

Мейрамхананы Қазақстаннан келген үш жас адам ашты. Ұлттық тағамдарының дәмін сағынғандықтан, осындай қадамға барғанын айтады. Грузияда кездеспейтін өнімді, мысалы жылқы еті Қазақстаннан әкелінеді.

«Бұл дәмхананы ең алдымен Грузияда тұратын қазақтар үшін аштық. Олардан басқа жаңа тағамдарға қызыққан жергілікті тұрғындар көптеп келеді. Оларға қазақша ет пен бауырсақтар өте ұнайды. Мантыны өздерінің ұлттық тағамы - хинкалимен салыстырады. Ашылғанына екі-ақ ай өтсе де, мейрамхана табысты жұмыс істеп келеді», - дейді қазақ мейрамханасының иесі Еркеш Баймұхамбет.




Соңғы жаңалықтар