Грузияда ерлі-зайыптылар жаңа туған ұлын сатпақ болды

None
None
ТБИЛИСИ. Newsgeorgia – ҚазАқпарат – Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жаңа туған нәрестені сату жөнінде келісім жасаған үш адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsgeorgia агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметі бойынша, Душети қаласында (Мцхета-Мтианети аймағы) тұратын ерлі-зайыптылар 18 маусым күні ұлды болған. Ата-ана нәрестені сатқысы келіп бір адаммен бес мың долларға келіседі.

Ол тұрғын Азаматтар реестрінде баланың әкесі ретінде тіркеліп, туу туралы куәлік алған. Содан кейін нәрестенің ата-анасына келісілген соманы берген. Сол сәтте қылмыстық істің барлық мүшелері қолға түсті.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ақшаны беру кезінде жасырын камера түсірген бейнежазбаны жариялады.

Тергеу «Кәмелетке толмаған адамға қатысты заңсыз мәміле» бабы бойынша жүріп жатыр. Қылмыстық істің қатысушылары 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар