Грузияда ересек халықтың 37 пайызы коронавирусқа қарсы толық вакцина алды

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Грузияда коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын 1 046 097 адам өтті, бұл елдегі ересек халықтың 36,6 пайызын құрап отыр. Бұл туралы Грузияның аурулар мен қоғамдық денсаулықты қадағалау Ұлттық орталығынан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.

Елде вакциналау қарқыны біршама артқан. Соңғы апта ішінде екпені толық салдыртқандар саны 28 723 адамға өсті.

Вакцинаның бір ғана дозасын салдыртқандарды есепке алғанда, екпе алғандардың жалпы саны 1 230 347 адамға (ересек тұрғындардың 43,3 пайызы) жетті.

Бустерлік дозаларды 31 256 адам алған. Грузияның Денсаулық сақтау министрлігі 7 желтоқсанда бустер-екпенің мерзімін алты айдан үш және бес айға дейін қысқартқан.

[17:06, 12.12.2021] +7 707 129 6990: Осылайша, 12 желтоқсандағы жағдай бойынша, Грузияда жалпы алғанда 2 308 497 екпе салынды. Соның ішінде COVID-19 вирусына қарсы 6 817 екпе кеше, сенбі күні салынды.

Грузияда коронавирусқа қарсы вакциналау 15 наурызда басталып, 5 шілдеде жалпылама сипатқа ие болды.

Қазіргі кезде Грузияда қауіпті вирусқа қарсы вакцинаны 12 жастан асқан азамат салдырта алады.


Соңғы жаңалықтар