Грузияда депутаттыққа үміткерлер бір-бірін сабады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда депутаттыққа үміткер екі кандидат «Иберия» телекомпаниясының тікелей эфирінде төбелесіп қалды.

Бұл туралы Рanorama.am хабарлады. Сұхбат барысында саясаткерлердің пікірлері келіспей қалған. Алдымен олар дауыс көтере сөйлесе бастады, кейін су құйылған стақандарды лақтырып, бір-бірін сабай жөнелді. Бағдарлама жүргізушісі оларды ажыратуға тырысқанымен, онысынан түк шықпай, нәтижесінде эфирді тоқтатуға мәжбүр болды.

Грузияда парламенттік сайлау 8 қазанға белгіленген. 

 

Соңғы жаңалықтар