Грузияда «демалыс күнгі карантин» енгізіледі

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузияда дүкендер мен қоғамдық көліктер қайта іске қосылғаннан кейін «демалыс күнгі карантин» енгізіледі. Тбилиси, Батуми, Гори, Телави, Поти және Зугдиди қалаларында сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді және мейрамхана, дүкен мен базарлар жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsgeorgia сайтына сілтеме жасап.

Үкімет әкімшілігінде өткен брифингіде Грузияның денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін аптасына екі күн адамдардың жүрісі төмен болуы маңызды екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, көптеген елдердің тәжірибесін ескере отырып, шектеулерді аптасына екі күн қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл сенбі және жексенбі болуы міндетті емес. 1 ақпаннан бастап Грузияда 28 қазаннан бергі бірқатар шектеу алынып тасталады – тек азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтары ғана емес, барлық мекемелер жұмыс істейді.

Грузия сонымен қатар 2020 жылдың наурызында тоқтатылған тұрақты рейстерді қайта жаңғырту жөнінде шешім қабылдады.

Айта кетерлігі, Аджарияда 1 ақпаннан бастап муниципалды көлік, балабақша, мектеп, сондай-ақ келушілерге көшеде қызмет көрсететін мейрамханалар жұмысын қалпына келтіреді.

«Грузия Үкіметі Аджария аймағын толығымен ашуды маңызды деп санайды, онда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Енді жағдайды бақылап, коронавирустың таралуының төмен деңгейде сақтап қалу керек», – деп атап өтті Тикарадзе.


Соңғы жаңалықтар