+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Грузияда 2021 жылдың 1 ақпанына дейін лайт-локдаун енгізілді

2020 жылғы 28 қараша 11:28
Бөлісіңіз:
Грузияда 2021 жылдың 1 ақпанына дейін лайт-локдаун енгізілді

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – COVID-19 жұқтырғандар санының артуына байланысты Грузия үкіметі шектеудің екі айлық жоспарын бекітті. Ол 28 қарашадан басталып, 1 ақпанға дейін созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтары ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

COVID-19 жұқтырушылар саны артуына байланысты Грузия үкіметі елде келесі екі айға қозғалысты және экономикалық қызметті шектеуді шешті.

Шектеу шаралары жиынтығы – бұл өткен көктемде, пандемияның бірінші толқыны кезінде Грузияда әрекет еткен локдаунның жеңіл нұсқасы.

28 қарашадан 31 қаңтарға дейін елде дүкендер, киім-кешек базарлары, мейрамханалар, тамақтану нысандары, фитнес-орталықтар жұмысын тоқтатады. Барлық қоғамдық (автобустар, метро және микроавтобустар) және қалааралық көлік тоқтатылады.

Агенттіктің хабарлауынша, ерекше жағдай жаңа жылдық мерекелер кезеңінде болады, 24 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін автобустар, метро және микроавтобустар жолаушыларға қызмет көрсетеді.

28 қарашадан 31 қаңтарға дейін Грузияның сегіз ірі қаласында – Тбилиси, Телави, Батуми, Кутаиси, Рустави, Гори, Поти және Зугдиди, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарында (Бакуриани, Гудаури, Годердзи және Местия) сауда орталықтары жабылады. Бекітілген жоспарға сәйкес, 24 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында сауда орталықтарының жұмысына қойылған шектеулер жойылады.

Азық-түлік, мал азығы, тұрмыстық химия және гигиена өнімдерін сататын бөлшек сауда дүкендері, сондай-ақ баспасөз дүңгіршектері, дәріханалар жұмысын жалғастыра алады. Сондай-ақ, электр энергиясын, табиғи газды, суды жеткізуге; бензин, дизель отыны, сұйытылған газды сатуға байланысты нысандардың жұмысына шектеулердің қатысы жоқ. Басқа барлық нысандар тек жеткізу сервистерін пайдалана отырып, қашықтан жұмыс істей алады.

Грузияның ірі қалалары - Тбилиси, Телави, Батуми, Кутаиси, Рустави, Гори, Поти және Зугдидиде мектептер, кәсіптік училищелер мен университеттер (медициналықтан басқа) толығымен қашықтан оқытуға көшеді.

21: 00-ден 05:00-ге дейін бүкіл ел бойынша жаяу және көлікпен жүруге, сондай-ақ қоғамдық орындарда болуға тыйым салынады.

70 жастан асқан адамдарға үйде қалуға кеңес беріледі.

Қандай да бір шектеуді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 2 мың лари (600 доллардан астам), ал заңды тұлғалар үшін 10 мың лари (3 мың доллардан астам) мөлшерінде айыппұл көзделген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT