Грузия тауындағы ең алып мұздықтың бір бөлігі опырылып кетті

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Грузияда Сванетий тауындағы Лехзири мұздығының бір бөлігі опырылып кетті. Мамандар бұған жаздың ыстық күнінде қардың тез еруі себепші болды деп санайды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Грузия жаңалықтарына» сілтеме жасап хабарлайды.

Грузияның солтүстік-батысында Үлкен Кавказ шыңында орналасқан Лехзири мұздығының ауданы шамамен - 36 шаршы шақырымдай, ұзындығы - 15,9 шақырым. Мұздықтың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен екі мың метр биікте орналасқан. Мұздыққа жақын аумақта елді-мекен жоқ. Алайда осы кезде оған альпинистер барады.

Мамандар мұздықтың опырылған тұсын зерттеуге кірісті, деп хабарлайды елдің Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық агенттігі. Бастапқы мәлімет бойынша мұздықтың көшуінен ешкім зардап шекпеген. Ал мұздыққа баратын жол осы аумақтағы жағдайдың ары қарай қалай өзгеретіні анықталмайынша  жабық болады.

«Болжам бойынша біз гляциологиялық үдеріске куә болып отырмыз (жылдың ыстық кезінде мұздықтың жедел еруі), бұл табиғатта жиі кездесетін құбылыс», - деп мәлім етті агентіктегілер. 

Соңғы жаңалықтар