Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Грузия премьері отставкаға кетті

2018 жылғы 13 маусым 22:44 981
Бөлісіңіз:
Грузия премьері отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия Премьер-министрі Георгий Квирикашвили сәрсенбі күні өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдеді. Ол бұл туралы Тбилисиде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ТАСС.

«Грузия премьер-министрі лауазымынан кету жөнінде шешім қабылдадым»,-деді ол.

Квирикашвили отставкаға биліктегі  «Грузия арманы» партиясының төрағасы Бидзин Иванишвилимен арадағы келіспеушілік салдарынан  кеткендігін мәлімдеді.

«12 маусымда билік басындағы саяси күш өкілдерімен кездесу өтті. Менімен және биліктегі күш арасында келіспеушілік туындады. Нақтылап айтқанда, әңгіме мен басқаратын партияның экономикалық саясаты жайында болды»,-деді Квирикашвили.

Квирикашвили 2012 жылғы 25 қарашадан экономика министрі, ал 2013 жылғы шілдеден бастап вице-премьерлікті қатар атқарды. 2015 жылы вице-премьерлікті сақтай отырып, Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. 2015 жылы 29 желтоқсанда Грузия парламенті Квирикашвилиді премьер-министр, ал сол жылдың 30 желтоқсанында президент оны Үкімет басшысы етіп бекітті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Грузия,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат