Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға сапармен келеді - ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға Грузия Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе сапармен келеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы апта елімізге шетелдік делегациялардың жоғары деңгейде түрлі сапарларға толы болады деп күтілуде. Атап айтқанда, 15-16 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе ресми сапармен болады. Ал 14-16 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына Қытай Мемлекеттік кеңесінің Вице-Премьері Хань Чжэн жұмыс сапарымен келеді», - деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, мәртебелі меймандар сапарлары аясында мемлекет басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулері өтеді деп күтілуде. Оған қоса, Грузия Премьер-Министрі және Қытай Мемлекеттік кеңесі Вице-Премьерінің Нұр-Сұлтан қаласына сапарларының бағдарламасында 12-ші Астана экономикалық форумының ресми ашылуына қатысуы көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар