Грузия мінілген америкалық көліктерден қалай табыс тауып отыр

None
Фото: georgiatoday.ge
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Өткен жылы Грузияға автомобиль экспорты 900 млн доллардан астам табыс әкелді. Бұл жалпы экспорттың 16%-дан астамын құрайды. Ал 2021 жылға қарағанда автоэкспорт құны екі есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Georgia Today-ға сілтеме жасап.

Көрсеткіштің артуы Грузиядағы автоэкспорт бизнесін жүргізетін көптеген делдал үшін жағымды жаңалық болды. Өйткені, олардың соңғы онжылдықтағы кіріс көзі өзгерді. Жағдай аймақтық кедендік ережелерге, ақауы бар көліктерді тазарту, пандемия мен әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты болды.

Осы орайда көлік өнеркәсібі жоқ Грузия қалай автомобиль хабына айналды және аталған сектор грузин экономикасына қандай пайда әкеледі?

«Грузия алғаш рет 2006 жылы металға өткізілген америкалық көліктердің аймағы болды. Ал соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсуде. Көпшілігі АҚШ нарығында сақтандыру компаниялары сататын зақымдалған көліктер», - деді TBC capital аға ғылыми қызметкері Андро Твалиашвили.

Оның айтуынша, Грузия ұсынатын басты артықшылық - көліктерді жаңарту және техникалық қызмет көрсету. Елдің географиялық жағдайы, көлік құралдары импортына салынатын салықтың төмен ставкалары және автомобиль қызметтерінің салыстырмалы түрде төмен құны Грузияға Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдерінен сатып алушыларды тарта отырып, мінілген автомобильдер нарығының орталығына айналуға мүмкіндік берді.

Грузин автомобильдерін қайта экспорттау 2013 жылға қарай жалпы экспорттың төрттен бірін құрады. 2015-2017 жылдары құлдырау болды және аталған бизнестен табыс табу күмәнге айналды. Бірақ, 2018 жылы Грузия экономикасы қарқынды түрде қайта қалпына келді. Ал 2019 жыл күткеннен де асып түсті. 2020 жыл автомобиль өнеркәсібі үшін қиынға соқты. Өйткені COVID-19 пандемиясы және басқа процестер өсуді тоқтатты. Сонымен қатар шекаралардың жабылуы мен жеткізілімнің бұзылуы аталған елге айтарлықтай кедергі келтірді.

Жағдайды Грузия автомобиль нарығының жетекші импорттаушыларының бірі Арменияда импортталатын автомобильдерге акциздерді көбейтуге міндеттеген Еуразиялық кеден одағы аясындағы өзгерістер ушықтыра түсті. Егер 2019 жылы Арменияның грузиндік қайта экспортталатын автомобильдерге сұранысы 32% болса, 2020 жылы сұраныс болмаған. Бұл автомобильдер экспортының 45% төмендеуіне әкеліп соқты.

Арменияның жаңа кедендік заңы грузин экспорттаушылары үшін қиындықтар туғызды. TBC capital аға ғылыми қызметкері Андро Твалиашвилидің айтуынша, экспортты әртараптандыру тәуекелі арқылы жағдайды реттеу мүмкіндігі болды. Яғни нарық географиясын кеңейту арқылы. Осылайша, грузин автоэкспортерлері жаңа нарықты тапты. Әсіресе Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдеріне жасалған автомобиль экспорты 2021 жылы жағдайдың 13% қалпына келуіне мүмкіндік берді.

«Грузин автоэкспорты өткен жылы өте жақсы нәтиже көрсетті. 2022 жылдың 11 айында экспорт импорт шамамен 55% құрады. Автокөлік санының күрт өсуінің себебі жаңа және мінілген көліктер бағасының жаһандық өсуімен байланысты. Сонымен қатар пандемиядан кейінгі жеткізу тізбегінің бұзылуы мен микрочиптердің жетіспеушілігіне байланысты сұранысты арттырды»,- деп атап өтті А.Твалиашвили.

Биыл Әзірбайжан, Ресей және Украина Грузияның автомобиль экспорты нарығында көшбасшылық позициясын сақтап қалды, ал Армения тағы да жетекші импорттаушы болды.

Өткен жылы Грузия автомобильдері едәуір экспортталған елдер қатарына Түркия мен Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстанда кіреді. Тізімдегі таңсық ел - Бельгия, бұл ел соңғы жылдары Грузиядан БАӘ секілді көптеген көлікті импорттайды.

Алайда, автомобиль бизнесі Грузияға аймақтағы жетекші экспорттаушының тұрақты позициясын сақтауға мүмкіндік беретіні және пайда әкелетіні екіұшты. Аталған ел өткен жылы 900 млн доллардан астам сомаға автомобиль экспорттады. Бір мезгілде жылдың 11 айында 1,3 млрд долларға (жалпы импорт көлемі 11,6%) импорттады. Қосылған құнды есептеу қиын, өйткені бұл көліктердің көпшілігі Грузияда қалады және импортталған көліктерді сол жылы бірден экспорттау мүмкін емес. Сонымен қатар, делдалдар пайдаланатын маржа әсіресе жоғары емес.

Бұл бизнестің акциздік салықтан қомақты кіріс алатын мемлекеттік қазынаға тиімді екені анық. Сонымен қатар, соңғы жылдары экспортталатын және импортталатын көліктердің арақатынасы артып келеді. Яғни Грузияда мінілген көліктер азайып, оның орнына үшінші елдердің нарықтарына жіберіліп жатыр.

Нарықтағы соңғы жағдай Грузияның автомобильдерді қайта экспорттау нарығының өсу мүмкіндігін көрсетеді. Жеткізуші елдердің әртараптандырылуы және автомобильдерді қайта экспорттау құнының жоғары қарқыны және жаңа автомобильдерге сұраныстың артуы Грузияның транзиттік хаб ретіндегі рөлінің өсуін болжайды.

Дегенмен, маманның пікірінше, апаттық көліктер импортын шектейтін ішкі ережелер болашақта тәуекелге әкелуі мүмкін. Сарапшының мәлімдеуінше, реэкспорт орта және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты болады. Өйткені, реэкспорттың негізгі нарығы дамушы елдер және олардың автомобиль паркі де алдағы жылдары жаңартуды қажет етеді. Бұл одан әрі экономикалық дамумен қатар сұраныстың артуын айтпағанда.


Соңғы жаңалықтар