Грузия халқының 21 пайызы абсолютті кедейлік шегінен төмен жағдайда өмір сүріп жатыр

None
None
ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары-ҚазАқпарат – Грузия халқының шамамен 21,3%-ының жағдайы абсолютті кедейлік шегінен төмен. Бұған Грузия ұлттық статистика басқармасы жариялаған 2020 жылға арналған кедейлік көрсеткішінің соңғы деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтары порталына сілтеме жасап.

Абсолютті кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халықтың үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 1,8%-ға өсті. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы Грузия халқының 19,5%-ы абсолютті кедейлік шегінен төмен өмір сүрді.

Сонымен қатар осы санатқа жататын азаматтардың көпшілігі елдің ауылдық жерлерінде тұрады. Статистиктер абсолютті кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халықтың үлесі 2020 жылы Грузияның ауылдық бөлігінде 27,5% және қалаларда 17,1% құрағанын айтып отыр.

Ұлттық статистика қызметінің ресми мәліметтеріне сәйкес, Грузия халқы аздап өсті және 2021 жылдың 1 қаңтарында 3 728 600 адамды құрады.

2020 жылы орташа айлық табыс отбасына 6,4%-ға төмендеп, 1100,5 лариді (1 лари – 131 теңге) құрады, ал халықтың жан басына шаққанда 4,4%-ға төмендеп, 321,4 лариді құрады.

Бұдан бөлек, 541 764 адам немесе Грузия халқының 14,5%-ы мемлекеттен әлеуметтік көмек алады және бұл көрсеткіш өткен жылы 83 296 адамға артты, деп хабарлайды Грузияның әлеуметтік қызмет көрсету агенттігі.

151 мың отбасы үшін әлеуметтік көмек - жалғыз табыс көзі деп хабарлайды агенттік.

Өткен жылы әлеуметтік көмекке Грузияның мемлекеттік бюджетінен 339 277 444 лари бөлінді, ал 2021 жылдың алғашқы үш айында бұл мақсатқа 89 818 591 лари аударылды.


Соңғы жаңалықтар