Грузия ЕО-дан 46 млн. еуро көмек алатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуро комиссия Грузия еліне жаңа қаржылық көмек көрсетеді, деп хабарлады trend.az.

Еуроодақтың Грузиядағы өкілдігінің хабарлауынша, аталған елге 46 миллион еуро бөлу туралы меморандумға ЕО-ның Экономика және қаржылық мәселелер бойынша еурокомиссары Пьер Московиси қол қойды.

Грузия қаржылай көмекті алдағы жылы екі транш түрінде алады, солардың бірі несие, екіншісі грант болмақ.

«Біз Грузияның экономикалық дамуға бағытталған реформаларын іске асыру процесіндегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және Еуроодақпен бірігуге күш салып отырғанын қолдаймыз», - деп атап өтті еурокомиссар. ЕО-тың қаржылық көмегі Грузия үкіметінің реформаларын, атап айтқанда экономика және ЕО-пен экономикалық бірігуге күш салатын бағдарламаларын қолдауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар