Грузия астанасында наразылық білдірушілер полициямен қақтығысты

None
Фото: Reuters
АСТАНА. ҚазАқпарат – Грузия астанасы Тбилисиде «шетел агенттеріне» қатысты заңға наразылық білдіруші топтың әрекеті полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас шығаратын газ бен су атқыштарды қолданды.

Елдің Ішкі істер министрлігі акцияның күш көрсетуге ұласқанын жеткізді.

Грузия телевизиясы көрсеткен бейнекөріністерде тобыр Руставели даңғылын жаба бастаған, ал полиция суатқыштарды қолданып жатыр. Наразылық білдірушілер қолдарына Грузия мен Еуроодақтың туын ұстап тұр.

Грузиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, парламентке жақын көшелерде арнайы жасақ көзден жас ағызатын газ қолданды.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Грузия Ішкі істер министрлігі акцияға қатысушылардың парламентке кіретін жолдардың бірін жабуға тырысқанын хабарлады. Сондай-ақ министрлік қызметкерлеріне қарсы күш қолдану фактілері де болды. Оппозиция болса наразылық білдіру шарасы бейбіт түрде өтіп жатқанын айтады.

Грузиялық БАҚ-тың хабарлауынша, парламент дәлізінде айқай-шу, жанжал болып жатыр. Оппозициялық депутаттар төраға Шалва Папуашвилимен кездесуді талап етіп отыр.


Соңғы жаңалықтар