Гривень мен рубль биыл әлемдегі ең әлсіз валюталар болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей рублі әлсіреп, жаңа рекордтар жасауда. РБК Quote рубльдің басқа әлемдік валюталардың қасында қалай көрінетінін анықтауды шешті.

Рубльдің соңғы екі аптада күрт құнсыздануы тоқтайтын емес - тек қараша айында ғана доллардың бағамы ішкі ресейлік нарықта 24 пайызға өсті, валютаның бұл түрі күн сайын жаңа тарихи рекордтар орнатуда. РБК Quote рубльдің басқа әлемдік валюталардың қасында қалай көрінетінін және өз ақша бірлігінің төмендеп жатқан сатып алушылық қабілеті жағдайында өмір сүріп отырған басқа елдердің бар-жоғын анықтауды шешті.

Девальвация қарқыны бойынша рубль тек гривеньге жол берді: биылғы жылдың басынан бері ресейлік валюта долларға шаққанда өз құнының 40 пайыздай үлесін жоғалтса, украиналық валюта - 46 пайыз үлесінен айырылды. Қалған «әлсіз» валюталар көшбасшылардан алшақтау қашықтықта тұр: олардан кейін тұрған ганалық седи мен аргентиналық песо небәрі ширекке құнсызданды.

Соңғы жаңалықтар