Григорий Шейко спорттық жүрістен Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты аяқталып, 20 шақырымдық жарыста қазақстандық Георгий Шейко күміс медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шейко аталған қашықтықты 1 сағат 20 минут 21 секундта жүріп өтті. Біздің спортшы жапондық Тошиказа Яманишиге ғана есе жіберді. Жарыс жеңімпазының уақыт көрсеткіші - 1:17:15. Үшінші орында кореялық спортшы Чо.

Осылайша, Георгий Шейко 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін нормативті орындады. Жолдамаға ілігу үшін 20 шақырымды 1:21:00 уақыт көрсеткішінде жүріп өтуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар