Гренландияда бір күнде 10 миллиард тоннадан астам мұз еріді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гренландияда бір күннің ішінде 10 миллиард тоннадан астам мұз еріді, деп хабарлайды ҚазАқпарат cbsnews.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл – зерттеу жүргізілген уақыт аралығындағы ең жоғары рекорд. Гренландия мұзды қалқанының үлкендігі жөнінен әлемде екінші орында тұр. Ғалымдар мұхиттағы мұздың белсенді түрде еруі мен су деңгейінің өсуі барша әлемдегі ауа райына әсер етеді деп қауіптенуде. Олар еру процесін жаһандық жылынумен байланыстырады. Салмағы 10 миллиардтан астам мұздың бөлшегі қайраң мұздықтан температураның әсерімен жарылып бөлініп шықты.

Айта кету керек, бұған дейінгі рекордтық еру 2012 жылы болған еді.

Соңғы жаңалықтар