+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Гренландия АҚШ-қа сатылмайтын болғандықтан Трамп Данияға сапарынан бас тартты

2019 жылғы 21 тамыз 10:12
Бөлісіңіз:
Гренландия АҚШ-қа сатылмайтын болғандықтан Трамп Данияға сапарынан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трамп Дания Премьер-Министрі Гренландияның АҚШ-қа сатылмайтынын мәлімдегеннен кейін, Копенгагенге жоспарланған сапарынан бас тартты. Бұл туралы «Қазақпарат» BBC News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

BBC мәліметі бойынша, Дональд Трамптың Копенгагенге сапары Дания ханшайымы ІІ Маргретенің шақыруымен 2 қыркүйекте өтуі тиіс еді.

Өткен аптада АҚШ басшысы АҚШ Данияның автономды аумағы саналатын Гренландияны сатып алуға мүдделі екенін мәлімдеген болатын. Данияның Премьер-Министрі Метте Фредериксен бұл ұсынысты «абсурд» деп атап, Дональд Трамп жай ғана әзілдеген шығар деп үмітенетінін айтқан.

Ал Дональд Трамп сейсенбі күні Twitter-де өз сапарының күшін жоятынын жазды.

«Дания - керемет адамдары бар өте ерекше ел. Бірақ Премьер-министр Метте Фредериксен Гренландияны сату мәселесін талқылауға мүдделі еместігін ескере отырып, екі аптадан кейін жалғасатын кездесуімізді кейінге шегермін...»

Ақ Үй өкілі АҚШ Президентінің сапары тоқтатылғанын растаған.

Трамп АҚШ тарапының Гренландияны сатып алуға мүдделі екенін бұған дейін растаған.

«АҚШ аумағының бір бөлігін Гренландия аралына ауыстыру туралы мәселесі қарастыра ма» деген сауалға ол: «Бұл тұрғыда көп дүние жасауға болады. Шын мәнінде, жылжымайтын мүлікке қатысты өте ірі мәміле», - деп жауап берген болатын.

Бұл ұсынысты Гренландия мен Данияның ресми өкілдері қабылдамады.

«Гренландия сатылмайды, бірақ Гренландия басқа елдермен, соның ішінде АҚШ-пен сауда және ынтымақ орнату үшін ашық»,-деді Гренландия Премьер-Министрі Ким Кильсен.

Ал Данияның бұрынғы Премьер-Министрі Ларс Лекке Расмуссен Twitter-де «бұл бірінші сәуір әзіл болуы керек»,- деп жазды.

Гренландия – әлемдегі ең үлкен арал. Бұл – Данияның Солтүстік Атлант және Солтүстік Мұзды мұхит арасында орналасқан автономды аймағы. Халқының саны - 56 000 адам.

АҚШ Президенті Гренландияға көмір, мырыш, мыс және темір кені сияқты табиғи ресурстары үшін қызығып отыр деген болжам бар. Гренландия пайдалы қазбаларға бай болғанымен, қазір Дания бюджетіне түсетін табыстың үштен екі бөлігін иемденіп отыр. Аралда суицид, маскүнемдік және жұмыссыздық деңгейі жоғары.

АҚШ аралды ежелден стратегиялық маңызды аумақ деп санайды. «Қырғи-қабақ соғыс» қарсаңында әскери әуе күштерінің базасын құрған. Республикашыл Майк Гэллахер Трамптың аралды сатып алу идеясын «ақылды геосаяси қадам» деп бағалады.

«Құрама Штаттардың Гренландияда стратегиялық қызығушылығы бар және бұл ұсыныс қаралуы тиіс», - деп жазды ол Twitter-де.

Гренландияны сатып алу идеясы ең алғаш рет 1860-шы жылдары Президент Эндрю Джонсонның кезінде талқыланды. 1867 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баяндамасында Гренландияның стратегиялық аумақта орналасуы және ресурстарға бай болуы оны сатып алу шарасын мінсіз етеді деп көрсетілді. 1946 жылы АҚШ-тың 33-ші президенті Гарри Трумэн Данияға осы аумақ үшін 100 миллион доллар ұсынған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, АҚШ,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT