Грекияның Кос аралында жойқын жерасты дүмпулері тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның Кос аралында жер сілкінісі қайталанды. Арал бұған дейін де жерасты дүмпуінен зардап шеккен болатын, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Афина геодинамика институтының хабарлауынша, тербелісі 4,4 жаңа жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы Кос аралынан солтүстік шығысқа қарай 20 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған.

16 минуттан соң аралған жақын маңда тербелісі 4,6 тағы да жер дүмпуі қайталанды.

Еске сала кетсек, жұма күні Эгей теңізінде болған жер сілкінісі салдарынан Грекияның Кос курорт аралында екі адам қаза тапты. Сондай-ақ, өңірде болған қатты жер сілкінісі салдарынан гректің Кос аралында орналасқан көне мешіттің мұнарасы қирады .

Соңғы жаңалықтар