Грекиялық IPho командасының жетекшісі: Астана - заман талабына сай салынған қала

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Грекиялық IPho командасының жетекшісі Панайотис Тсаконас ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның бас қаласы мен Астанада өткен 45-ші Халықаралық физика олимпиадасы жайлы өзінің пікірімен білдірді.

«Олимпиада өте жоғары дәрежеде өтті. Қиын тапсырмалар көп болды. Ұйымдастырушылар жүзден жүйрікті анықтауға бар күшін салғаны көрініп тұр. Біз үшін мұндай тапсырмалар келесі Олимпиадаға дайындалуға мүмкіндік беретін үлкен сабақ болары сөзсіз», - деді ол.

Шетелдік мейманның айтуынша, олардың көкейінде тек қана Олимпиададан қалған әсер емес, Астананың көз тартар көркем бейнесі де қалмақ.

«Астана қазіргі заман талабына сай салынған, көркем қала. Ол адамдарға жағымды әсер қалдырады», - деді физик.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында физикадан өткен 45 халықаралық Олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 8 орынға тұрақтады. Қазақстандық қатысушылар 3 алтын (Амир Бралин, Нұрислам Тұрсынбек, Иса Данат), 2 күміс (Дәулет Құрмантаев, Нұрбек Дінмұхаммед) еншіледі.

Жалпыкомандалық есепте Қытай, Тайвань, Оңтүстік Корея жүлделі орындардан көрінді.

Соңғы жаңалықтар