Грекиядағы жойқын жарылыс: Қонақүйдің күл-талқаны шықты

None
None
КАСТОРИЯ. ҚазАқпарат – Грекияның солтүстігіндегі Касторияда болған сұрапыл жарылыс қонақүйді қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ekathimerini сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккендер туралы әлі хабар жоқ.

Түнгі сағат 1.30-да болған жарылыс үш қабатты ғимаратты қиратып, 80 метр радиуста әйнек сынықтары мен металл заттарды шашыратты.

Оқиға орнына Касториядан өрт сөндірушілер жіберілді, ал полиция қызметкерлері ауданды қоршап, негізгі тасжолдағы қозғалысты тоқтатты.

Облыстық өрт сөндіру басқармасы мен Кастория полициясы ғимараттың ішінде ешкім жоқ деп мәлімдеді.

Билік жарылыс себебін әлі айтқан жоқ, алайда оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде берді.

Үш жұлдызды Tsamis қонақүйі Кастория – Афина – Салоники ұлттық тасжолының 4-ші шақырымында, Кастория көлінің жанында орналасқан.



Соңғы жаңалықтар