Грекиядағы босқындар лагерін өртеді деген күдікке ілінген алты адам ұсталды

None
None
МИТИЛИНИ. ҚазАқпарат – Грекия билігі Лесбос аралында босқындардың Мория лагерін өртеп жіберді деген күдікке ілінген алты адам ұсталғанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталғандардың барлығы – Ауғанстан азаматтары, олардың ішінде екеуі кәмелеттік жасқа жетпеген. Өрттен кейін олар құрлықтық Грекияға эвакуацияланды. Қазір олармен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Лесбостағы өрт оқиғасының тергеу амалдарын Азаматтарды қорғау министрі Михалис Хрисохоидис жүргізіп жатыр.

Лесбоста мигранттарға арналған жаңа лагерьдің құрылыс орнына Еуропалық Одақ төрағасы Шарль Мишель барды. Ол Еуроодақтың Грекиямен мигранттар проблемасын шешуге мүдделі екендігін міндетті түрде танытатынын мәлімдеді.

«Бұл жағдай – ауыр әрі күрделі. Бірақ мен ЕО атынан миграциямен байланысты проблеманы назардан тыс қалдыруға жол бермейтінімді мәлімдегім келеді. Бұл – біздің ортақ, еуропалық проблема», - деді ол.

Сейсенбі күні Лесбостағы ең ірі қала Митилиниде солшыл партиялар және кәсіподақтар ұйымдастырған демонстрация өткен. Демонстранттар қоныс аударушылар Еуропа елдеріне тұрақтап, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алуға тиіс деп мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар