+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

2020 жылғы 22 қаңтар 17:30
Бөлісіңіз:
Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грекия парламенті бұрынғы Мемлекеттік кеңес (Жоғарғы әкімшілік соттың) басшысы Катерина Сакелларопулуды президент етіп сайлады. Ол ел тарихындағы тұңғыш әйел президент атанып отыр. Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ekathimerini басылымына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус Еуроодаққа қиынға соғады – сарапшылар Қытай COVID-19 құрбандарын еске алды Коронавирус: Әлемде індеттен жазылған адамдар саны 200 мыңнан асты

«Оны басқарушы Жаңа демократия, оппозициялық «СИРИЗА» солшыл партиясы мен солшылцентристік «Движение перемен» альянсының заң шығарушылары қолдады», - делінген БАҚ хабарламасында.

Сакелларопулу қызметіне 13 наурызда кірісіп, бес жыл ішінде елді басқару құқына ие болады. Әзірге ел президенті - Прокопис Павлопулос.

Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері сайлайды.

Айта кетсек, 2019 жылдың маусым айында Грекия президенті Прокопис Павлопулос парламентті таратып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізетінін мәлімдеген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Сайлау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT