Грекияда коменданттық сағат енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грекия үкіметінің басшысы Кириакос Мицотакис 24 қазаннан бастап COVID-19 қауіпті вирусына қарсы іс-әрекеттер қолдану мақсатында жаңа карантин шектеулері енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Keep Talking Greece басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі, 24 қазан күнгі таңғы сағат 6-дан бастап елде маска тағу режимі енгізіледі. Енді тұрғындар масканы тек ғимарат ішінде ғана емес, көшелерде тағуға да міндетті болады.

Бұдан басқа, эпидемиялық жағдайы күрделі аймақтарда коменданттық сағат енгізіледі. Ол түнгі сағат 00:30-дан таңғы 5:00-ге дейін созылады.

Соңғы тәулік ішінде Грекияда коронавирус жұқтырудың 882 жаңа оқиғасы тіркелген. Бұл - елде эпидемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Басылымның атап өтуінше, карантиндік шектеулердің енгізілуіне індеттің өршуі себеп болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Грекияда COVID-19 вирусына шалдығудың 28 216 оқиғасы расталған, коронавирус инфекциясынан 549 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар