+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Грекияда босқындарға арналған ең үлкен лагерь өртеніп кетті

2020 жылғы 10 қыркүйек 10:02
Бөлісіңіз:
Грекияда босқындарға арналған ең үлкен лагерь өртеніп кетті

МИЛИТЕНА. ҚазАқпарат – Грекияның Лесбос аралында босқындар тұратын лагерь өртеніп кетті. Бұған дейін, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні болған бірінші өрт кезінде лагерь қатты зардап шеккен еді. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ, алайда кейбір мигранттар иіс тиіп уланған. Бастапқыда 3 мың адамға есептелген лагерьде 13 мыңға жуық адам тұрған. Бұл – 70 елдің мигранттары, көбі ауғандық азаматтар болған. Бұған дейін Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис болған оқиғада босқындардың өздерін кінәлаған.

Оның айтуынша, олар 35 мигранттан коронавирус анықталған соң, үлкен агрессияға жол берген. Ел билігі ауруға шалдығып, карантиннен қашып кетпек болған барлық мигранттарды ұстағанын айтты.

Өрттен кейін босқындарға лагерь аумағынан кетуге рұқсат етілді, алайда полиция олардың көршілес елді мекендерге кіруін болдырмау үшін жолдарды жауып тастады. Мыңдаған адам панасыз қалған. Ел билігі оларға уақытша баспана іздеп жүр. Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас болған оқиғаны гуманитарлық апат деп атап, Твиттерде босқындарды оларды қабылдауға дайын болған ЕО елдеріне үлестіру қажеттілігі туралы жазды. Келіп жатқан хабарламаларға сәйкес, көршілес кенттің тұрғындары босқындарды өздерінің елді мекенінен ары қарай өткізбейді.

БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы босқындар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қатынастың шиеленісуі жайында білетінін мәлімдеді. «Біз барлығын сабырлылық танытуға және лагерьде болғандардың барлығын уақытша шешім табылмайынша өз орындарында қалуын сұраймыз», - делінген басқарма мәлімдемесінде.

Аралдың өрт сөндіру бөлімінің бастығы Константинос Теофилопулос өрт сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні бірден үш жерде болғанын жеткізді.

Оның айтуынша, мигранттар өрт сөндірушілерге жалынды сөндіруге кедергі келтірген. Жалын сәрсенбі таңына қарай сөндірілді.

Тергеушілер әдейі өртеп жіберу нұсқасын да қарастырып отыр, бірақ бұған айғақ дәлел жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT