Грекия осы аптада өтетін парламент сайлауына дайындалып жатыр

Фото: Фото: ru.euronews.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – 21 мамырда Грекияда парламент сайлауы өтеді. Сарапшылардың болжамына сәйкес, онда нақты жеңімпаз анықталады деп нақты кесіп айту мүмкін емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Елде 9,8 миллион сайлаушы тіркелген, соның ішінде биыл алғаш рет дауыс беретін 17-21 жастағы 440 000 адам бар.

Сондай-ақ, шетелдегі гректер 20 мамыр күні Грекияға келмей-ақ дауыс бере алады,

Премьер-Министр Кириакос Мицотакистің «Жаңа демократия» басқарушы консервативті партиясы қазіргі уақытта грек парламентінде көпшілік - 300-ден 158 орын солардыкі.

Алдағы сайлауда премьер-министр салықты төмендету бағытын жалғастыруға, экономиканы жылына 3% өсіруге, тікелей шетелдік инвестицияларды ұлғайтуға және жұмыссыздықты кемінде 8% төмендетуге уәде берді.

«Сириза» партиясының өкілдері жалақы мен зейнетақыны көтеруді, энергетика саласындағы пайданы шектеуді, жұмыс күнінің ұзақтығын қысқартуды, Грекияның HFSF банктерді құтқару қорын жоюды жақтайды.

2019 жылы Грекияның үшінші ірі партиясы Никоса Андрулакисаюдың солшыл орталық «Пасок-КИНАЛ» (Өзгеріс қозғалысы) болды, ол сайлау нәтижелері бойынша парламентте 22 орынға ие болған еді.

Сауалнамаларға сәйкес, «Жаңа демократия» «Сиризадан» шамамен 7 ұпайға алда келе жатыр. «Пасок-КАНАЛ» үшінші орында.

Сондай-ақ, Грекия халқының бір бөлігі премьер-министр Кириакос Мицотакисті ел тарихындағы 57 адам қаза тапқан ең ауыр теміржол апатына кінәлі деп санайды. Үкімет бірнеше жыл бойы теміржол секторына тиісті назар аудармағанын мойындады.

Euronews Greece мәліметінше, апаттан кейін елде бірден жаппай наразылық басталған, бұл қазіргі үкіметке ғана емес, жалпы Грекияның бүкіл саяси жүйесіне бағытталған.


Соңғы жаңалықтар