Грекия ормандарындағы алапат өрт: Қаза болғандар саны 70-тен асты

None
None
АФИНЫ. ҚазАқпарат - Грекияда бір күнде бірнеше жерден тұтанған орман өрттері дүйсенбіден бастап лаулап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Афинының Македониялық жаңалықтар агентті сейсенбі күні хабарлағандай, өрт салдарынан ажал құшқандар саны 74 адамға жетті. Тағы 187 адам, соның ішінде 23 бала зардап шекті.

Грекия үкіметі алапат орман өртінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 20 млн еуро бөлетін болды. Бұл туралы 24 шілде күні аталмыш төтенше жағдайға арналған үкімет отырысының нәтижесі бойынша Министрлер кабинетінің ресми өкілі Димитрис Тзанакопулос мәлім етті.

Тзанакопулостың сөзінше, 20 млн еуро өрттерден зардап шеккен муниципалитеттер мен олардың тұрғындарының қажеттілігін өтеу үшін Ішкі істер министрлігінің есеп-шотына лақтырылатын болады.

«Бұл шотқа қаражаттар мемлекеттік құрылымдардан және жекеменшік тұлғалардан түсетін болады. Себебі ел ішінде де және шетелде де тілектестік білдірушілер өте көп», - деді ресми өкіл.

Ол сондай-ақ үкіметтегі кеңес барысында зардап шеккен аудандарды тиімді қорғау үшін полицейлердің, өрт сөндірушілер мен әскерилердің қатысуымен 19 бірлескен патруль құру шешімі қабылданғанын атап өтті.

Бұған дейін Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас елде ұлттық аза тұту күнін жариялаған болатын. «Бүгін Грекияда қаралы күн. Қаза болғандардың рухына орай үшкүндік ұлттық аза тұту күнін жарияламйыз», - деді ол. 

Грекияда шілде айының басынан бері ауа райы ыстық болып тұр. Термометр 38-40 градусты көрсетуде. Дүйсенбі күні Афинының айналасында бірден бірнеше от тұтанды - Кинет қаласының аумағында, Афиныдан батысқа қарай 50 шақырым жерде, Шығыс Аттикада және Каламкос қаласының аумағында. Сондай-ақ ірі орман өрттері Грекияның өзге де аумақтарында тіркелді.

 

Соңғы жаңалықтар