+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Грекия 2021 жылы Қазақ күресінен Әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірді

2019 жылғы 19 желтоқсан 12:34
Бөлісіңіз:
Грекия 2021 жылы Қазақ күресінен Әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының вице-президенті болып Пекос Феодорос 2021 жылы Қазақ күресінен Әлем немесе Еуропа чемпионатын Грекияда өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ күресі елордадағы бес мектептің бағдарламасына енгізіледі Елордада Қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өтіп жатыр Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

Елордада өтіп жатқан Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде федерациясының вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды. Федерация мүшелерінің қолдауына ие болған Пекос Феодорос өз ұсынысын ортаға салды.

«Мұндай құрметті атақты тапсырып отырған федерация басшылығына алғысымды білдіремін. Қазақ күресінде жүргеніме бірнеше жыл болды. Біздің елдің басшылығы 2021 жылы Қазақ күресінен Әлем және Еуропа чемпионатын Грекияда өткізуге келісіп отыр. Бәріңіз осы бастамамызды қолдарсыздар деген үміттемін», - деді Пекос Феодорос.

Айта кетсек, алыс-жақын шет елдердің өкілдерінің қатысуымен елордада Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресі өтіп жатыр. Жиын барысында федерация президенті Алик Шпекбаев әлемнің 27 елінен келген федерация мүшелеріне ұсыныс білдірді. Ол бойынша федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бір ауыздан қолдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Спорт, Қазақ күресі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT