Грек-римшілерге Әлем чемпионатынан жалғыз медаль бұйырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы (U-23) әлем чемпионатында грек-римші Айдос Сұлтанғали «қола» иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айдос грек-рим күресінен қазақстандық балуандар арасында жүлдеге іліккен жалғыз спортшы болды. 59 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол қола медаль үшін күресте болгариялық Августин Боянов-Спасовты жеңді.

Чемпионат 26 қарашаға дейін жалғасады. Бейсенбі күні әйелдер арасындағы бәсекелер өтсе. Жұма күні еркін күрес шеберлері бақ таластырады.

Айта кетейік, биыл тұңғыш рет жалауын желбіреткен дүниежүзілік жарысқа қазақ елінің намысын қорғауға барлығы 24 балуан аттанған болатын.

Еркін күрес

57 келі: Жандос Ысмайылов; 61 келі: Қуат Әміртаев; 65 келі: Мадияр Бұрхан; 70 келі: Зулфикар Маxаматов; 74 келі: Еркебұлан Тілеу; 86 келі: Азамат Дәулетбеков; 97 келі: Бақдаулет Әлментай;125 келі: Жүсіп Батырмырзаев

Әйелдер күресі

48 келі: Ирина Борисова; 53 келі: Айгүл Нұрәлім; 55 келі: Марина Седнева; 58 келі: Назира Аманжолова; 60 келі: Аяулым Қасымова; 63 келі: Зарина Құнанғараева; 69 келі: Жамилә Бақбергенова; 75 келі: Гүлмарал Еркебаева.

Грек-рим күресі

59 келі: Айдос Сұлтанғали; 66 келі: Абылайхан Әмзеев; 71 келі: Айбек Қуанышев; 75 келі: Мирас Баршылықов; 80 келі: Сұлтанбек Шалабаев; 85 келі: Хусеин Муцольгов; 96 келі: Бақтияр Жылысбаев; 120 келі: Мансұр Шадукаев;

Соңғы жаңалықтар