+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері өзгерді

2019 жылғы 10 маусым 13:36
Бөлісіңіз:
Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бақтияр Байсейітов грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бас жаттықтырушы болып тағайындалғанға дейін Бақтияр Бағашарұлы Қазақстан құрамасының аға бапкері болып жұмыс істеді.

Бақтияр Байсейітов 1998 жылғы әлем чемпионы. 1995 жылы ол дүниежүзілік біріншіліктің «күмісін» жеңіп алған. Республикалық және халықаралық турнирлердегі көптеген жеңістерінен бөлек Байсейітовтің Азия чемпионатынан алған екі алтын, екі қола және бір күміс медальдері бар. Сонымен бірге, спортшы Азия ойындарының бір алтынын жеңіп алған.

Естеріңізге сала кетейік, Жакартадағы Азиада ойындарында қазақстандық «классиктер» күміс және қола медальдарға ие болды, ал Қытайдағы Азия чемпионаттарынан біздің балуандар бір күміс және алты қола медальмен оралды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT