+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Грек-рим күресінен бас бапкер олимпиадашылардың психологиялық дайындығы туралы айтты

2021 жылғы 3 тамыз 19:47
Бөлісіңіз:
Грек-рим күресінен бас бапкер олимпиадашылардың психологиялық дайындығы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасында спортшылардың психологиялық дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды


«Біздің спорт – жекпе-жек. Онда әрбір спортшы – жеке тұлға. Біреу қатты күйіп кетуі мүмкін, біреу оңай қабылдайды. Үрей болады. Кейде бұл пайдалы болуы мүмкін, бірақ адам қатты күйіп кетсе, қайда екенін ұмытып, тез сөнуі мүмкін. Бұл да нәтижеге ықпал етеді», - деді Бақтияр Байсейітов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, барлық жағдайға, спортшылардың психологиялық дайындығына талдау жасалады.

«Әрине, жоспар бойынша қалай жұмыс істейміз, қандай қателіктерді жою керектігін федерациямен бірге талдаймыз», - деді Бақтияр Байсейітов.

Бұған дейін бас бапкер 87 келі салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсыновтың төрешілер қателігінен жеңілгенін айтқан еді.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан жасаған әдіс бағаланбай қалды. Төрешілер оған екі ұпайды бергенде, Нұрсұлтан жеңіске жетер еді.

Сондай-ақ, Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасында спортшылардың сәтсіз ойыны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT