USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Грек-рим күресінен бас бапкер Олимпиададағы спортшылардың ойыны үшін кешірім сұрады

2021 жылғы 3 тамыз 19:07
Бөлісіңіз:
Грек-рим күресінен бас бапкер Олимпиададағы спортшылардың ойыны үшін кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасында спортшылардың ойыны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мейірім Нұрсұлтановтың ең үлкен жекпе-жегінің датасы ауысты Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева елордалық кішкентай шахматшылармен кездесті Бибісара Асаубаева: Шахматтан ел тарихындағы алғашқы «алтынды» иеленгенім үшін бақыттымын

«Мен мұндай ойын үшін барша Қазақстандағы жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Шынымды айтсам, менің өзіме де өте ыңғайсыз болды. Екі жыл бұрын ғана команданы басқаруға келдім. Биыл Азия чемпионатында төрт финалист шыққан еді. Бірақ бұл спорт. Бәрі болады. Тағы да кешірім сұраймын. Мүмкін маған аздаған уақыт жетпеген шығар», - деді бас бапкер Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингіде.

Еске сала кетсек, 2 тамыз күні 77 келіде Қазақстан сапынан шыққан Демеу Жадыраев алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалды.

Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты. Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды. Екеуара кездесу 4:1 есебімен неміс спортшысының еншісіне шешілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT