Грек-рим күресі: Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола жүлдеге таласады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік додада 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Айдос Алғашқы белдесуінде ол румыниялық Александру Трандафирдің осал тұсын тапса, одан кейін армениялық қарсыласын қапы қалдырды. Жартылай финалда ол қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке жеңіліп қалды. Енді ол 3-орын үшін сайысқа түседі.

Ал Әлімхан Сыздықов (130 келі) ирандық Амин Мирзазадеге жол берді. Аталған қарсыласының финалға шығуына байланысты Әлімхан жұбаныш белдесуіне қатысуына мүмкіндік алып отыр.

Ал Диас Қален бүгін жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, одан кейінгі қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша дүбірлі додада жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Ал Аяулым Қасымова (62 келі), Марина Седнева (55 келі) алғашқы кездесулерінде қарсыластарына есе жіберді.

Марина Седневаның алғашқы қарсыласы финалға шығуына байланысты енді жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетсек, әйелдер құрамасында олардан өзге Светлана Анкичева (50 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі), Елена Шалыгина (65 келі), Мәдина Бақбергенова (68 келі) Жәмила Бақбергенова (72 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі) бар.


Соңғы жаңалықтар