+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Грекияда тәулік бойы Димаштың әндерін беретін жаңа радио ашылды

2020 жылғы 9 қыркүйек 14:36
Бөлісіңіз:
Грекияда тәулік бойы Димаштың әндерін беретін жаңа радио ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекияда Димаштың шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды. «Dimash Greece» қазақ өнерпазының әндерін тәулік бойы трансляциялайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі dimashnews.com сілтеме жасап хабарлайды.

Радиостанция әлемдік ғаламтор желісіне шілде айынан бастап шыға бастады. Аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат желіде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады.

Сүйікті әншілерінің шығармашылығын өз елінде кеңінен насихаттау үшін Грекиядағы Dear-лат радио сәтті әрі нәтежиелі шешім болатынына сенімді.

«Dimash Kudaibergen Greece» фан-клубының әкімшісі Лена Ворк онлайн-радио арқылы Грекиядағы Димаштың шығармашылығына табынушылардың қатарын арттырмақшы. Ойын жүзеге асыру үшін өзге елдегі фан-клубтардың тәжірибесін меңгерген. Талдау жасай отырып, өзінің радиостанциясын іске қосты.

Грекиядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті. Олар Грекияда Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT