+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Грант саны көбейгендіктен, ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру керек - Асхат Аймагамбетов

2020 жылғы 4 маусым 13:37
Бөлісіңіз:
Грант саны көбейгендіктен, ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру керек - Асхат Аймагамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көтеру жұмыстарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді Келесі жылы «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап оқытылады

«Жоғарғы білім бойынша жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. Соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс 1,3 есеге көбейген және биыл түлектерге 53 мың грант беріледі. Президент тапсырмасымен биылдан бастап, грант құны көтеріледі. Оның бағасы 10 жыл бойы өзгермеген еді. Бұл ретте біз еңбекақыны көтеруді мемлекеттік ЖОО-ларға міндеттейміз», - деді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында.

Оның айтуынша, қазір еңбекақы төлеу қорында ең төменгі еңбекақы шегін белгілеу мәселесі талқыланып жатыр.

«Грант құнының көтерілуі педагогтардың да еңбекақысын арттыруға ықпал етуі тиіс. Кей оқу орындарында оқытушылардың еңбекақысы 70-80 мың теңге екені айтылады, бұл - қабылдауға келмейтін цифрлар. Соңғы жылы кей жерде 70%, кей жерде - 50%, 20% еңбекақы көтерілді. Бірақ, мемлекеттік тапсырыс құны көтерілген соң, әлі де ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын арттыру мүмкіндігі бар», - деді А. Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT