Грант алып беруді уәде етіп, ондаған адамның 30 млн теңгесін иемденген алаяқ қамалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атыраулық полицейлердің анықтауынша, әйел адам «кәсіпкерлікті дамыту үшін тегін грант қаражатын алып беремін» деп, 25 азаматты алдаған. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында күдікті 31 жастағы Алматы облысының тумасы екені белгілі болды. Ол 2022 жылдың мамыры мен 2023 жылдың қаңтары аралығында өзіне сеніп қалған адамдардың 30 млн теңгесін иемденген. Айыпталушының бұрын да дәл осындай алаяқтық қылмысын жасап, сотты болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.


Соңғы жаңалықтар