Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анталья қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турнирінің кезекті кезеңіне қатысатын ел құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық турнир 31 наурыз және 2 сәуір аралығында өтеді. Ұлттық құраманың бапкерлері турнирде сынға түсетін спортшылар тізімін жариялады.

Жарыс барысында ерлерде Нұрқанат Серікбаев, Шерзод Давлатов (60 келі), Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев, Дархан Қойбағаров (73 келі), Руслан Мұсаев, Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Айдар Арапов, Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары) татами төрінде тайталасқа түседі.

Ал әйелдерде Ғалия Тынбаева (48 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Роза Нысантаева (70 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) өнер көрсетеді.

Жарыстың финалдық кездесуін «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Айта кетейік, 7-9 сәуір күндері Алматы қаласында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді.


Соңғы жаңалықтар