+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

«Grand Slam» турнирі: Бүгін қазақстандық үш балуан белдесуге шығады

2020 жылғы 21 ақпан 10:40
Бөлісіңіз:
«Grand Slam» турнирі: Бүгін қазақстандық үш балуан белдесуге шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» бәсекесі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жалғас Жұмағұлов UFC-те өткен алғашқы жекпе-жегінде жеңілді Шетелдік БАҚ: Қазақстандық гимнасшы Алина Әділханова – аса талантты спортшы «Канелоның» Головкинмен үшінші айқасы алдындағы  қарсыласы белгілі болды

Ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлемдік рейтингтік турнирге Қазақстан сапынан 17 татами шебері қатысады.

Бүгін, яғни жарыстың алғашқы күні дзюдошылар арасында ерлерден 60 және 66 келі салмақтағы балуандар өзара мықтыны анықтаса, әйелдерден 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар сынға түседі.

Қазақстандық татами шеберлерінен бүгін ерлер арасында 60 келі салмақта Дәурен Сүйеукенов пен 66 келіде Ерлан Серікжанов ел намысын қорғамақ. Ал әйелдерден 52 келі салмақта Анна Казюлина татамиге шығады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған «Grand Slam» додасында сынға түсетін қазақстандық татами шеберлерінің есімдерін жариялаған болатынбыз.

Жарыс 23 ақпанда мәресіне жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT