Грамматикаға құрт түскен күні тіл өледі - Несібелі Құрман

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев университетінде өтіп жатқан халықаралық конференцияда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Несібелі Құрман қазақ тілінің грамматикасы өзгеріске түсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ тілін ХХІ ғасырда оқыту» тақырыбында баяндама жасаған Несібелі Құрман қазақстандықтар үшін «ана тілі» деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ екенін айтады. Ғалымның айтуынша, бұл ұғымның академиялық ғылым деңгейінде нақты анықтамасы болмауы тілдік алуандыққа себеп болып отыр.

Қазақ тілінің ақпарат дәуірінде дамуына баға берген ғалым өзге тілдерден енетін термин сөздерге үрке қарауға болмайтынын айтты.

«Тілге бөтен сөз кірсе, бірден елең ете қаламыз. Бірақ оның тілге қаупі жоқ. Одан да қауіпті бір үрдіс бар. Ол - грамматиканың бүлінуі. Грамматикалық иммунитеті мықты тілдер сырттан қанша сөз кірсе де, құрымайды. Ал грамматикаға құрт түссе, тіл де құриды. Сондықтан ауызекі тілде де, әдеби нормада да грамматиканың бұзылмауына күш салуымыз керек. Өкінішке қарай, ондай құбылыс қазіргі қазақ қоғамында бар» - дейді ғалым.

Соңғы жаңалықтар