Гөзал Айнитдинова Өскемен жарысының ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Гөзал Айнитдинова Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингіде 587-орында тұрған Г. Айнитдинова екінші айналымда отандасы, әлемнің 491-ші, осы турнирдің 6-ракеткасы Жібек Құламбаевамен ойнады.

Бұл бәсекеде Гөзал 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Ертең, 12 тамыз күні Г. Айнитдинова жартылай финалға шығу үшін үндістандық Ашмита Эшварамуртимен таласады.

Жұптық сында Г. Айнитдинова мен ресейлік Анна Кубарева ширек финалда күтпеген жерден ресейлік Полина Итченко - Беларусь өкілі Дарья Шаухаға есе жіберді – 2:6, 4:6.

Өскеменде жауған жаңбырдың салдарынан кейбір матчтар ертеңге қалдырылды. Жібек Құламбаева жұптық сында ресейлік Екатерина Казионовамен бірге доданың жас жұлдыздары, қазақстандық Мәлика Әмірғалиева - қырғызстандық Владислава Андреевскаямен шеберлік байқасады. Жеңген жұп жартылай финалға шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Торонто мастерс турнирінде жеңіліп қалғанын, Юлия Путинцеваның әлемнің үшінші ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қазақстан теннис федерациясының президенті қазақстандық теннисшілердің табысы кездейсоқтық еместігі туралы сұхбат берді.




Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар