Google Қазақстанның Тәуелсіздік күніне дудл арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google бас парақшасын Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған дудл безендіріп тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қазақстанның желбіреп тұрған жалауының үстін басқанда «Қазақстанның Тәуелсіздік күні» сауалымен іздеу парақшасына өтуге болады.

Еске салайық, 2017 жылы Google компаниясы қазақстандықтарды тақырыптық дудл арқылы Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді. Мұндай суреттер 2011, 2015, 2016 жылдары да шыққан еді.

Дудл - Google бас парақшасында пайда болатын айрықша оқиғаларға арналған өзгеше логотип.

Соңғы жаңалықтар