Google аудармашы арқылы қазақ тілінде сөзді дауыстап аудару қызметі іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Google аудармашы арқылы қазақ тілінде сөзді дауыстап аудару қызметі іске қосылды. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының айтуынша, осы қызметті іске қосу үшін Google компаниясымен 5 жыл бойы жұмыс жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, тамаша жаңалық! Тіліміз Google аудармашының дауыс арқылы аудару қызметіне қосылды. Бұл біздің Google-мен жүргізген 5 жылдық жұмысымыздың нәтижесі. Ол үшін Google-ге сан мың бет аударма мәтін, қазақ тіліндегі жүздеген сағат аудио жазба, дыбысталған том-том сөздік бердік. Google аударма қызметі - нейро жүйелер негізінде дамып келе жатқан машиналық аударманың ең ілгерісі. Сондықтан тілді сақтау және оны дамыту тұрғысынан бұл аса маңызды оқиға», - деп жазды Рауан Кенжеханұлы Facebook парақшасында.

Бұл жағымды жаңалықты жариялай отырып, қор басшысы осы жобаға атсалысқан әріптестерінің бәріне алғыс айтты.

«Бұл бастамаға демеушілік жасаған Beeline компаниясы мен Анар Жұмағұлова ханымға ерекше ризашылық білдіреміз!» - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар