Google 10 мың қызметкерін экстремистік контенттерді бақылауға тартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Google-дің 10 мыңнан аса қызметкері YouTube арнасындағы экстремистік бағыттардағы контенттерді бақылау процесіне тартылатын болады, деп жазады ВВС.

Видеосервистің  басшысы Сюзан Войчицки Daily Telegraph газетіндегі өзінің парақшасында YouTube-тің адамдарды басқару, масқаралау және агрессияға шақыру үшін жиі пайдаланылатындығы туралы айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Google компаниясына қарасты видеосервис осы жылдың маусым айынан бастап экстремистік бағыттардағы видеоларды анықтау үшін  машиналық оқу технологиясын пайдалануда. Аталған технологияның көмегімен  сайттан жағымсыз 150 мың ролик жойылған.

Сондай-ақ, маусым айынан бастап 2 млн видео тексерілген.

Соңғы жаңалықтар